Мінез күші мен жеңіске деген жігер: Ақтөбе облысы ҚАЖ қызметкерлері республикалық чемпионатта көзге түсті

    1 / 2

    Күш, төзімділік пен қайсар мінез — қызметте де, спортта да маңызды қасиеттер. Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық чемпионатта өңір намысын абыроймен қорғап, мұны тағы бір мәрте дәлелдеді.

    2026 жылғы 16–19 қазан аралығында Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында XVIII Республикалық армрестлинг чемпионаты өтті. Жарыс ІІМ чемпионатына іріктеу турнирі аясында ұйымдастырылды.

    Байрақты бәсекеге қатысушылар өздерінің физикалық күш-қуатын ғана емес, тактикалық шеберлігін, төзімділігі мен соңына дейін күресе білу қабілетін де көрсетті. Қызу тартысқа толы белдесулер қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының өкілдері төрт жүлделі орынға ие болды.

    57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әділет кіші лейтенанты Амангелді Бауыржан Ерболұлы алтын медаль жеңіп алды. Ал 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әділет кіші сержанты Газизов Тамирлан Жанатович қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды иеленді.

    62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әділет кіші сержанты Қуанышбаев Аслан Амирханұлы тартысты бәсеке көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Әйелдер арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен әділет аға лейтенанты Әбдісаттар Құндыз Манатқызы күміс медальға қол жеткізді.

    Әрбір жүлденің артында табанды жаттығу, темірдей тәртіп пен үнемі жетілуге деген ұмтылыс жатыр. Қызметкерлердің бұл жетістіктері қылмыстық-атқару жүйесі өкілдерінің кәсіби қызметте ғана емес, спорттық аренада да жоғары нәтиже көрсете алатынын дәлелдейді.

    Төрт жүлделі орын — мақсатқа ұмтылыстың, командалық рухтың және жеңіске деген шынайы жігердің жемісі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары