Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 3-жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Бағдат Сабаз (-67 кг) Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері әзірбайжандық Хасрат Джафаровпен күш сынасты. Қола жүлде жолындағы белдесуде Бағдат қарсыласын айласын асырып, 3-орын алды.
Кеше 22 жастағы отандасымыз іріктеуде Азия чемпионы Раззак Бейшекеевті (Қырғызстан), 1/8 айналымда Абу Муслим Амаевты ұтқан. Ал ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы Саид Морад Исмаили Лейвасимен белдесіп, есе жіберді. Бүгін жұбаныш кезеңінде қытайлық Жин Шинді жығып, 3-орынға таласуға мүмкіндік алды.
Бұл - грек-рим күресінен Қазақстан командасының еншісіндегі үшінші медаль. Осыған дейін Исхар Құрбаев (-55 кг) пен Айдос Сұлтанғали (-60 кг) 3-орыннан көрінген. Осымен грек-рим күресінен бәсеке аяқталды.
Әлем чемпионаты: Бағдат Сабаз Олимпиада жүлдегерін ұтып, қола медаль еншіледі
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

Қазақстан мен Сауд Арабиясы саяси өзара іс-қимылды нығайтуда
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі ЕлшілігіАшу
ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшуАстана қаласында қостанайлық орындаушылардың қатысуымен өткен «Еңбегі көптің – өнбегі көп» атты концерттік бағдарлама
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасыАшу
Райымбек дантылындаты тобелес
Алматы қаласының Полиция департаментіАшу
ҚАЖ АРДАГЕРЛЕРІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТТІ ТАМАШАЛАДЫ
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшу
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары

Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
Исхар Құрбаев Астанадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
V Азия Пара ойындары: волейболды отырып ойнаудан Қазақстан командасы күміс жүлдегер атанды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
Азиатские Пара игры: команда Казахстана — бронзовый призёр по пара пауэрлифтингу
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
Қазақстан пара велоспорттан Азия Пара ойындарында тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу