Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

    «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы салааралық үйлестіруді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) комитеті.

    Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

    Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

    Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

    Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен төрағаның немесе оны ауыстырушы тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026): 9 тамыз

    9 тамызда, «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna бағдарламасында: ⚽ Фиджитал футбол (3-орын үшін матч және Финал) 📍 «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешені 16:30 - 3-орын үшін матч: Club Holcattes vs FC OLYMPIC PHYGITAL 18:00 - Финал: Quetzales-Armadillos vs NS Team 📱 MOBA Mobile (3-орын үшін матч және Финал) 📍 Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы 15:00 - 3-орын үшін матч (Bo3): Selangor Red Giants vs Aurora Gaming 18:00 - Финал (Bo5): ONIC vs Bigetron by Vitality 📅 Матчтардың толық кестесі турнирдің ресми сайтында қолжетімді: https://astana2026.gofuture.games/ru 🎟️ Билеттер - Ticketon.kz сайтында.

    9 тамыз 2026 ж.Тікелей
    г.Астана
    Хабарландыру

    Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын құру бойынша конкурс жариялайды

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына, «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне, «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне, «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2026-2029 жылдар аралығына Қамқоршылық кеңес қалыптастыру бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды. Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымдарының жан – жақты дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдарының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару органы болып табылады. Шақырылады: жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» (ҚР БжҒМ 27.07.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамы бойынша ұсыныстар күтеміз. Ұсыныстар хабарландыру шыққаннан кейінгі 20 күн ішінде қабылданады. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтінім (еркін түрде); 2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме; 4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса); 5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар. Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады. Қабылдау бөлімі тел: 8 (7172) 74-13-94 Электрондық адрес: [email protected]

    Жарияланды: