ДАКАРДА ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

    1 / 8

    Сенегал астанасы Дакарда жасөспірімдер арасындағы IV жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар бақ сынаған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы сегіз медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 22-сатыдан көрінді.

    Ел қоржынына қос алтынды дзюдошы Фатима Супыгалиева мен шосседегі веложарыста топ жарған Анель Ташбай салды.

    Боксшылар Ақнұр Тұрсынғали мен Бибарыс Әшірбай, сондай-ақ семсерлесуші Айбар Қайым ақтық сынға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Ал былғары қолғап шебері Марал Төлепберген, таеквондошы Любовь Юн және триатлоншы Рамазан Айнегов қола жүлдегерлер қатарынан орын алды.

    Осылайша, Дакар төріндегі төртжылдықтың басты додасы Қазақстанның жас спортшылары үшін екі алтын, үш күміс және үш қола медальмен түйінделді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары