ҚАЗАҚСТАН - ПАДЕЛДЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

    1 / 3

    Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы паделден Азия кубогына алғаш рет қатысып, қола медаль жеңіп алды! Жарыс 7-14 қараша аралығында Джакартада (Индонезия) өтті. Ұлдар арасындағы бәсекеге 17 құрама қатысты.

    Алғаш рет 2024 жылы Бахрейнде өткен турнирге Қазақстан биыл дебют жасап, бірден үздік үштікке енді.

    Отандастарымыз Катар, БАӘ, Малайзия, Оман және Ливан құрамаларын жеңіп, тек финалистер Иран мен Кувейтке есе жіберді. Қола жүлде үшін кездесуде Сауд Арабиясын 2:1 есебімен ұтты!

    🏆 Қорытынды нәтижелер:

    🥇 Иран

    🥈 Кувейт

    🥉 Қазақстан

    Қазақстан құрамасы:

    U14: Әлібек Дүйсенғазин, Ибрагим Рахматуллин.
    U16: Арнұр Тұрсынхан, Ислам Дүйсенғазин.
    U18: Дамир Дүйсенғазин, Таир Қайретдинов.

    Бұл тарихи жетістік - спортшыларымыздың табанды еңбегі мен командалық рухының жемісі әрі қазақстандық падел үшін маңызды белес.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары