«Қауіпсіз өмір сүруді үйренеміз» тақырыбында профилактикалық іс-шара өтті

    1 / 14

    Қарағанды қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «Өрт қауіпсіздігі онкүндігінің» үшінші күні «Қауіпсіз өмір сүруді үйренеміз» тақырыбында танымдық-профилактикалық іс-шара өткізілді.
    Іс-шара барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге бағытталған көрме ұйымдастырылып, тақырыптық викторина өткізілді. Оқушылар өрттің алдын алу шаралары, өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша пайдалы ақпарат алды.
    Сонымен қатар мектепте эвакуациялық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Оқушыларға өрт шыққан жағдайда ғимараттан қауіпсіз шығу тәртібі, эвакуация жолдарын пайдалану және сабыр сақтап, мұғалімдердің нұсқауларын орындау қажеттігі түсіндірілді.
    Басты мақсат – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету.
    Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары