Қарағандыда өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті

    1 / 6

    Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазандық қондырғылары орнатылған нысандарда өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді. Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру, өрт туындаған жағдайда нысан қызметкерлері мен ТЖД бөлімшелерінің іс-қимылдарын пысықтау, сондай-ақ жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру.

    Іс-шаралар барысында нысан қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптары мен төтенше жағдай туындаған кездегі әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

    Өрттің алдын алу, халық пен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары