1 / 10
Профилактикалық іс-шараға Қарағанды облысының ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов, Департаменттің жеке құрамы, газ және энергетика саласының өкілдері мен еріктілер қатысуда.
Мамандар тұрғын үйлерді аралап, өрт дабылы датчиктерін орнатып, жылыту пештері мен мұржалардың жай-күйін тексеріп, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде.
Акция барысында:566 тұрғын үй қамтылды; 1 717 тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді; 29 үйдің мұржасы тазартылды; 33 үйге иіс газын анықтайтын датчик орнатылды.
Басты мақсат – тұрмыстық өрттердің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз! Қауіпсіздік – әр үйден басталады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









