Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрамға қатысты бірқатар кадрлық өзгерістер мен марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында көп жылдық мінсіз қызметінен кейін еңбек демалысына шыққан қызметкерлерге алғыс білдіріліп, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген азаматтық қорғау органдарының бірқатар қызметкеріне кезекті және алғашқы арнаулы атақтар табысталды.
Атап айтқанда, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау подполковнигі Алексей Борисович Ефимов пен Арнайы жұмыс бөлімшесінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Елена Дмитриевна Сапоцкая еңбек демалысына шықты.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін бірқатар қызметкерге кезекті арнаулы атақтар берілді:
Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ерлан Мадиевич Балтинге – азаматтық қорғау подполковнигі;
Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №12 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары Айдос Қанатұлы Кенжебайға – азаматтық қорғау майоры;
Бұқар жырау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №20 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары Канат Манатович Толкынбаевқа – азаматтық қорғау майоры;
Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы Абылай Бауыржанович Амантаевқа – азаматтық қорғау лейтенанты алғашқы арнаулы атағы берілді.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерді жаңа арнаулы атақтарымен құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс, кәсіби жетістіктер және отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейді!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









