Қарағанды облысында балаларға қауіпсіздік ережелері үйретілді

    1 / 7

    Қарағанды облысында балаларға қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде әрбір адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт туралы хабарлау және эвакуациялау тәсілдерін түсіндіру. Сабақ барысында қатысушыларға ғимараттан эвакуациялау жолдары көрсетіліп, төтенше жағдай кезінде бағдарлану ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар жарық және діріл арқылы хабар беретін арнайы құрылғылардың жұмыс істеу тәртібі таныстырылды. Іс-шараға ымдау тілі маманы қатысып, ақпараттың баршаға қолжетімді болуына мүмкіндік жасады.

    Сондай-ақ «Кедергісіз қауіпсіздік» тақырыбындағы бейнематериал көрсетіліп, төтенше жағдай кезінде қолдануға болатын қолжетімді құралдар мен іс-қимыл алгоритмдері ұсынылды. «Өрт шыққанын дабыл дыбысын естімей қалай білуге болады?» деген сауал аясында қатысушыларға дыбыстық дабылға балама хабарлау жүйелері таныстырылды. Мамандар эвакуация кезінде қолданылатын тәсілдерді іс жүзінде көрсетіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

    Мұндай іс-шаралар ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және әрбір адамның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары