Қарағанды облысында жұқа мұзға шығудың қауіптілігі түсіндірілді

    1 / 2

    Қарағанды облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жұқа мұз – өмірге қауіп: су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында брифинг өтті. Іс-шараға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев қатысты. Ол қысқы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары, мұздың қазіргі жай-күйі және жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы баяндады.Қарағанды облысында мұз қату кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары күшейтілді. ТЖД бөлімшелері «Мұз» акциясы аясында қазан және қараша айларында жергілікті атқарушы органдармен, полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп 150 рейд өткізіп, балықшылар мен аңшыларға 905 мекенжайлық түсіндіру жұмысын жүргізді. Сонымен қатар 1 180-нен астам үгіт-насихат материалы таратылды. Мектептерде өткізілген ашық сабақтармен 6,1 мыңнан астам оқушы қамтылды. Ата-аналар чаттары арқылы 2 мыңнан астам ата-анаға ақпарат жеткізілді.

    Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға және мұз қату кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары