Бас маман – мемлекеттік еңбек инспекторы Е. Мұхтаров «Қажсервис» ЖШС ДЭУ-32 еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттеріне, еңбек кепілдіктерінің сақталуына және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









