2026 жылғы 13 қарашада «Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі: сот дауларының объективі арқылы жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделерінің тепе-теңдігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға сот жүйесінің, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің өкілдері және кәсіподақтар активі қатысты.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Б.Қизатов баяндама жасап, әкімшілік практика негізінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі мәселелерін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында жұмыс берушілердің талап-арыздары бойынша қызметкердің материалдық жауапкершілігі, қызметкерлердің талап-арыздары бойынша жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі, еңбек даулары бойынша сот практикасы, сондай-ақ еңбек шарты тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері қаралды.
Соңында пікір алмасып, қорытынды шығарылды.
#заңментәртіп# #законипорядок#
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









