Сіздерді Ұлттық валюта – теңге күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт, бірлік, ырыс-береке мен молшылық тілейміз! Еліміз өркендеп, экономикамыз дамып, ұлттық валютамыз – теңгеміз нығая берсін!
Мереке қарсаңында «Астана қаласының Қаржы басқармасы» ММ қызметкерлері жемісті еңбегі мен кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін бірқатар марапаттарға ие болды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық наградасы – «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен Абилова Айгүл Жоламанқызы марапатталды.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбектің атынан Алғыс хаттармен Исрапулова Сымбат Бақытқызы, Даулиева Динара Төкенқызы марапатталды.
Сонымен қатар, Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Сергеевич Глотовтың атынан Алғыс хаттармен Мукабай Аягөз Дүйсембайқызы, Ахыжанов Рүстем Исламбекұлы және Сарбай Мадияр Нұрланұлы марапатталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін! Еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







