Еңбекке құрмет

    1 / 2

    Ел игілігі жолында аянбай қызмет атқару – үлкен абырой мен құрметке лайық іс. Осындай еселі еңбектің еленуі – адамға берілген зор баға.

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Б. Қизатов«Мемлекеттік еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат – оның еңбек жолындағы табандылығының, кәсіби біліктілігінің, жауапкершілігі мен ел дамуына қосқан үлесінің айқын көрінісі.

    Еңбек жолында мол тәжірибе жинақтап, өз ісіне адалдық танытып келе жатқан басшы ұжым үшін үлгі боларлық тұлға. Оның ұйымдастырушылық қабілеті, іскерлігі мен еңбекке деген жауапкершілігі мекеме жұмысының нәтижелі болуына зор ықпал етіп келеді.

    Аталған марапат – тек жеке жетістік қана емес, ұзақ жылғы еңбектің лайықты бағалануы. Бұл – адал қызметтің, қажырлы еңбектің және кәсіби жолда жинақталған тәжірибенің жемісі.

    Ұжым атынанБақытбек Құрманбекұлынлайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізгесаулық, отбасыңызғаамандық, еңбегіңізгетолағай табыс тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары