1 / 15
ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес бүгін аудан тұрғындарына кезекті қабылдауын өткізіп, жеке және қоғамдық мәселелерін тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, өтініш-тілектері мен ұсыныстарын жеткізді. Азаматтар тарапынан көтерілген мәселелер негізінен әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және өзге де тұрмысқа қажетті салаларға қатысты болды.
Аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берді. Сонымен қатар, жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, өтініштердің заң аясында қаралып, нақты шешімін табуын бақылауға алуды тапсырды.
Серік Үсенұлы тұрғындармен тікелей байланыс орнатудың, олардың мұң-мұқтажын дер кезінде тыңдап, мәселелерін шешудің маңыздылығына тоқталды. Әрбір өтініштің назардан тыс қалмауы керектігін айтып, жауапты сала басшыларына жұмысты жүйелі жүргізуді міндеттеді.
Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауы тұрғындар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы ашық байланысты нығайтуға, азаматтардың өтініштерін жедел қарауға және өзекті мәселелердің шешілуіне бағытталған.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









