1 / 11
АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ АУДАН ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды. Жиында жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы міндеттер мен өзекті мәселелерді ортаға салды.
Алдымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі мен күзгі әскерге шақыру жоспарының орындалу барысы жөнінде баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, алдағы белгіленген міндеттерді атап өтті.
Сонан соң аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ерасыл Зекен егістік алқаптарда су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін тамшылатып суару әдісін енгізу, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын таныстырды.
Бұдан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасының Жетісай ауданында жүзеге асырылу барысына тоқталды. Елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы сөз болды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Серік Үсенұлы жауапты сала басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды, тапсырмалардың орындалуына жауапкершілікпен қарауды және атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыруды міндеттеді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









