Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау
жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы
хабарландыру
«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2026 жылғы 30 қарашада2027 – 2036 жылдары шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар Ақтөбе-Шалқар қатынасы бойынша теміржол жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа 2014 жылы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің № 113 бұйрығымен бекітілген шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы барқатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағымен анықталған біліктілік талаптарына жауап беретін әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Тасымалдаушы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін тендерді ұйымдастырушының мекенжайына бекітілген конвертте тапсырады.
Ұйымдастырушының мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40 үй, 5 қабат, 554 бөлме.
Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2026 жылғы 27 қараша сағат 17 – 00 дейін.
Тендерлік өтінімдермен пакеттерді ашу 2026 жылғы 30 қараша сағат 10 – 00 Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40 үй, 5 қабат, 554 бөлмемекенжайы бойынша өткізіледі.
Тендерлік құжаттар пакеті https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport?lang=kkсайтында орналастырылған.
Кепілдік қаржылық өтінімді аудару үшін тендерді ұйымдастырушының реквизиттері:
«Ақтөбе облысыныңжолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
ЖСН (БСН) – 050140008334
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті» РММ
БСК – KKMFKZ2A
ЖСК – KZ950705022680751001
Қосымша ақпараттар: ______________________________________
Анықтама үшін телефондар: 747- 603., 8 702 625 0415
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









