"Заң мен тәртіп" қағидасы аясында "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" және "Адал азамат – жемқорлықсыз қоғам" тақырыптарында Қазақстан Жоғары медицина колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді.
Шараға заң консультанты Мырзабай Нұрлан Альжанұлы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті (ОҚЗУ) Заң факультетінің Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, доцент Бекбосынов Ермек Төленұлы, Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Жастарды қолдау және стратегиялық даму бөлімінің инспекторы Бакиров Хансултан Абдиманапович қатысты.
Кездесу барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және адалдық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрметпен қарау түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









