АЛИМЕНТ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

    1 / 3

    Жалғызбасты аналарға алимент төлеу тәртібін, алименттік міндеттемелердің орындалуын және алимент бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу мәселелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» форматында кездесу өтті.

    Іс-шараға Шымкент қаласының Әділет департаментінің өкілдері, сот орындаушылары, заңгерлер, кәсіби медиаторлар және аудан тұрғындары қатысты.

    Кездесу барысында мамандар алимент өндірудің заңнамалық негіздері, алимент бойынша берешекті есептеу тәртібі, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары, алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты заңнамада көзделген жауапкершілік, сондай-ақ жалғызбасты аналарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері туралы жан-жақты түсіндірді.

    Жиынға қатысқан аналар өздерін толғандырған, ұзақ уақыт бойы шешімін таппай жүрген мәселелерін ортаға салды. Атап айтқанда, алимент өндіру тәртібі, сот орындаушыларының қызметі, борышкерлерге қолданылатын заңды шаралар және өз құқықтарын қорғау тетіктері бойынша сұрақтар қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар мен жеке құқықтық кеңестер алды. Сонымен қатар, отбасылық дауларды медиация тәртібімен реттеу, тараптардың өзара келісімге келу мүмкіндіктері және бала құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, алименттік міндеттемелердің уақтылы орындалуына ықпал ету, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ тұрғындарға білікті құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары