ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА СҰРАҚ-ЖАУАП

    ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА СҰРАҚ-ЖАУАП

    1.Сұрақ:Алдымен профилактикалық бақылау дегеніміз не және ол қандай мақсатта жүргізілетінін айтып өтсеңіз?

    Жауап: Профилактикалық бақылау – бұл ең алдымен заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуға бағытталған мемлекеттік бақылау нысандарының бірі.

    Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың туындауына жол бермеу.

    2. Сұрақ:Профилактикалық бақылау кімдерге қатысты жүргізіледі?

    Жауап: Профилактикалық бақылау қызметі тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын бақылау субъектілері мен объектілеріне қатысты жүргізіледі.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласында бұған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ қызметі бойынша заңнама талаптарының сақталуы біздің Департаменттің құзыретіне жататын өзге де субъектілер кіруі мүмкін.

    Кәсіпкерлік Кодексінің талаптарына сай, профилактикалық бақылау мемлекеттік орган тарапынан заңнамада белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын жартыжылдық тізім негізінде жүргізіледі.

    Жартыжылдық тізім бекітілгеннен кейін бақылау іс-шаралары осы тізімге енгізілген субъектілерге қатысты заңнамада белгіленген мерзімдер мен хабардар ету тәртібін сақтай отырып жүргізіледі.

    Осылайша, профилактикалық бақылау алдын ала жоспарланған және бекітілген жартыжылдық тізімге сәйкес жүзеге асырылады.

    Профилактикалық бақылау жүргізу үшін тексерілетін субъектілердің тізімі заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде қалыптастырылады.

    3. Сұрақ:Профилактикалық бақылаудың негізгі ерекшелігі қандай?

    Жауап: Профилактикалық бақылаудың негізгі ерекшелігі – бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау субъектісіне оларды туралы нұсқама беріліп, әкімшілік іс жүргізу қозғалмайды.

    Алайда бақылау субъектісі нұсқаманы орындамаған немесе бұзушылықтарға қайта жол берген жағдайда, заңнамада көзделген негіздер болған кезде, одан әрі мемлекеттік бақылау шаралары, оның ішінде жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.

    4. Сұрақ:Профилактикалық бақылаудың түпкі мақсаты қандай?

    Жауап: Түпкі мақсат – жүргізілген іс-шаралардың немесе берілген нұсқамалардың санымен өлшенбейді.

    Ең басты нәтиже – құқық бұзушылықтардың болмауы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік қызметтерді алу үшін лайықты жағдайлар жасау, сондай-ақ объектілердің қолжетімділігін және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

    Қорытындылай келе, профилактикалық бақылау – бұл ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға және бақылау субъектілерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды құрал екенін атап өткім келеді.

    Осы орайда ұйым басшыларын заңнама талаптарының сақталуына жауапкершілікпен қарауға, анықталған кемшіліктерді уақтылы жоюға және бақылау іс-шараларының жүргізілуін күтпей, алдын алу шараларын қабылдауға шақырамыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары