"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ
Департамент туралы
Департаменттің міндеті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалары бар отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
«Зейнетке рлікке дайындықты бүгіннен бастаңыз!» 2026 жылғы 06 қарашада «Зейнеткерлікке дайындықты бүгіннен бастаңыз!» тақырыбында азаматтарға арналған құқықтық жалпыға бірдей түсіндіру аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Б.Акимбеков түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында зейнетақы төлемдерін тағайындау және есептеу тәртібі, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің маңыздылығы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін рәсімдеу және алу шарттары жан-жақты түсіндірілді. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, зейнеткерлікке дайындықты алдын ала бастаудың маңыздылығы туралы ақпарат беру.
🎙️Департаментте «Ашық есік күні» өтті 2026 жылғы 29 қазанда Жетісу облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінде өңір тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» өтті. Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталды. Іс-шара аясында Департамент қызметкерлері азаматтарды қабылдап, өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде: 🔹зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру; 🔹мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау; 🔹медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу және мүгедектікті белгілеу; 🔹еңбек өтілін растау және қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша консультациялар берді. Азаматтарды қызықтырған барлық мәселелер бойынша 9 азаматқа жеке консультациялар беріліп, Департаменттің құзыреті шегінде жан-жақты түсіндірмелер ұсынылды. Мамандар қойылған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды түсіндірді. 📌Департамент мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, халықты ақпараттандыру және азаматтарға өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
2026 жылғы 20 қазанда Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілдері «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» – ерекше қажеттіліктері бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме. Орталықта 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп, қазіргі таңда 52 бала қамтылған. Кездесуге Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Б.Орманов қатысты. Кездесу барысында әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселелер, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы, сондай-ақ орталық қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, қызмет алушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударылды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың сапасын арттыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету – басты назарда.
2026 жылғы 13 қазанда Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілдері Талдықорған қаласындағы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушыларымен кездесу өткізді. Талдықорған қаласындағы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы – ерекше қажеттіліктері бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме. Орталықта 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп, қазіргі таңда 92 бала қамтылған. 🔹Кездесуге Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары С.Булебаев және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Л.Газизова қатысты 🔹Кездесу барысында әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселелер, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы, сондай-ақ орталық қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. 🔹Сонымен қатар, қызмет алушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударылды. 🔹Басты мақсат – ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың сапасын арттыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ Халықаралық қарттар күніне орай Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова зейнеткер Саржанова Шайзада Исақызына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Шайзада Исақызы 1941 жылғы 25 қазанда дүниеге келген. 1964 жылы Талдықорған бухгалтерлік мектебін «бухгалтер-кассир» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 17 жасында мектепті аяқтағаннан кейін Талдықорған ауданындағы «Победа» атындағы колхозда бастаған. Кейіннен қаладағы Мемлекеттік банкте, сондай-ақ қорғасын аккумуляторлары зауытында еңбек етіп, осы жерде зейнеткерлікке шыққанға дейін қызмет атқарған. Жалпы еңбек өтілі 40 жылдан астам. Шайзада Исақызы бүкіл ғұмырын адал еңбекке арнап, қоғамның дамуына лайықты үлес қосты. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Екі баланы тәрбиелеп өсірген ардагердің бүгінде екі немересі мен жеті шөбересі бар. Кездесу барысында департамент басшысы З.Илимжанова, әдеп жөніндегі уәкіл Д.Жолтаева, департамент ардагері А.Альпанова Шайзада Исақызына көп жылғы адал еңбегі мен өнегелі өмір жолы үшін шынайы алғысын білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық амандық тіледі.
Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында! 2026 жылғы 23 қыркүйекте «ТК Метакон» ЖШС еңбек ұжымымен ашық әрі сындарлы диалог форматында кездесу өтті. Кездесуге Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Булебаев, Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы О.Қойшыбаев және Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Ш.Әбішев қатысты. Зауыт жұмысшыларын зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері, қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ еңбек жағдайларының зияндылығына байланысты мәселелер мен тиісті әлеуметтік төлемдер қызықтырды. Ашық диалог барысында жұмысшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Кездесуді қорытындылай келе, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Булебаев «ТК Метакон» ЖШС қызметкерлерін алдағы Қазақстан Республикасының Еңбек күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық, тұрақтылық, кәсіби дамуға және алдағы еңбек қызметінде толағай табыс тіледі.
2024–2026 жж. арналған сыбайлас жемқорлық картограммасы
2024–2026 жж. арналған Жетісу облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық картограммасы
Жарияланды:
Жоспар
Іс-шаралар жоспары - Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі 2025 жылға
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Жарияланды:
Анықтама
Департаменттің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау - 2025 жыл.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің «Департаменті» РММ-нің (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылғы 18 маусымдағы № 28-нқ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Жарияланды:
Жоспар
Іс-шаралар жоспары - Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі 2026 жылға
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Жарияланды:
Статистика
2026 жылғы 1 қазанға статистикалық көрсеткіштер
Қосымша 1 Медициналық-әлеуметтік сараптама бағыты бойынша аумақтық департаменттердің қызмет көрсеткіштері ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНШАМҮГЕДЕКТІКТІ ТАЛДАУ 2026 жылғы1 қазанындағыжағдай бойынша 1. Мүгедектіктің жалпы көрсеткіштері Куәландырылған адамдардың жалпы саны – 6 167(өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 5782). Алғаш рет куәландырылғандар – 1498,оның жалпы саннан үлесі – 24,3%. Мүгедектігі бар адам деп танылғандар – 1464,танылғандардың үлесі – 97,7%. Қарқындылық көрсеткіші – 10 мың тұрғынға шаққанда21,3. 2. Алғаш рет мүгедектігі бар деп танылғандардың жас құрылымы еңбекке қабілетті жастағылар – 730 (49,9%); зейнеткерлік жастағылар – 391 (26,7%); балалар – 343(23,4%). 3. Алғашқы және қайталама мүгедектік Алғаш рет мүгедектігі бар деп танылғандар – 1464. Қайта куәландырылғандар – 4668(өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 4313). 4. Алғашқы мүгедектіктің құрылымы 4.1. Ересек тұрғындар Жалпы саны – 1121. Нозологиялық нысандар бойынша ТОП-5: Қанайналым жүйесінің аурулары – 375(33,4 %); Қатерлі ісіктер – 313(27,9%); Барлық локализациядағы жарақаттар – 94(8,3 %); Тірек-қимыл жүйесінің аурулары – 76(6,7%); Көз аурулары – 55(4,9%). Өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 1121. 4.2. Балалар Жалпы саны – 343. Нозологиялық нысандар бойынша ТОП-5: Психикалық бұзылыстар – 107(31,1%); Туа біткен даму ақаулары, деформациялар және хромосомалық аномалиялар – 74(21,5%); Жүйке жүйесінің аурулары – 67(19,5 %); Эндокриндік аурулар – 21(6,1%); Барлық локализациядағы жарақаттар – 15(4,3%). Өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 299. 5. Оңалту көрсеткіштері Толық оңалту – 376(8,9%)(өткен жылы – 292(7,5%)). Ішінара оңалту – 391(21,3 %)(өткен жылы – 304(18,4%)). Жағдайының ауырлауы – 230(6,3%)(өткен жылы – 247(7,2%)). 6. Сырттай куәландыру Сырттай куәландырулардың саны – 6167. Жалпы саннан үлесі – 47,5%. Қосымша 2 Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бағыты бойынша аумақтық департаменттердің қызмет көрсеткіштері 1. Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру 1.1. Халық саны – 684,8мың адам. 1.2. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша санаттар бөлінісіндегі төлем алушылар: зейнеткерлер – 98838адам; мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушылар – 18893 адам; асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар – 5919адам; № 1, 2 тізім бойынша – 5 адам; АМЖ – 6312адам; экологиялық үстемеақы – 0 адам; бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы алушылар – 5141адам; 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы алушылар – 3461адам; I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы алушылар – 1527адам; көпбалалы аналар – 10308адам; көпбалалы отбасылар – 19122адам. 1.3. 2026 жылғы қыркүйек айын қоса алғанда 65074іс қаралды. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға артық (2025 жылы – 62329іс). Жаңа тағайындаулар – 31949(2025 жылмен салыстырғанда 2,77%-ға аз, 2025 жылы – 32858). Қайта қараулар – 31792 (2025 жылмен салыстырғанда 16,71%-ға артық, 2025 жылы – 27374). Бас тартулар – 1333(2025 жылмен салыстырғанда 36,44%-ға аз, 2025 жылы – 2097). Арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) субъектілерін лицензиялау бойынша көрсеткіштер (2026 жылғы 1қазандағыжағдай бойынша) Арнайы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) көрсетудің сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Жетісу облысында АӘҚ көрсететін 30 ұйым бар. Барлық 30 ұйым лицензия алды, жалпы қуаттылығы – 4 047 қызмет алушы, оның ішінде 25 КММжәне 5 ҮЕҰ. Гибридтік қызмет түрлерін ескере отырып, берілген лицензиялар саны – 7. Оның ішінде АӘҚ көрсететін ұйымдар: жартылай стационар жағдайында – 9 ұйым (541 адам); стационар жағдайында – 7 ұйым (1 162 адам); уақытша болу жағдайында – 2 ұйым (205 адам); үйде қызмет көрсету жағдайында – 14 ұйым (2 139 адам); бірнеше жағдайда қызмет көрсететін – 2 ұйым (438 адам). Қосымша 4 «Amanat» партиясының мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын іске асыру бағыты бойынша аумақтық департаменттердің қызмет көрсеткіштері 1. Жетісу облысы бойынша Қолжетімділік картасына енгізілген объектілердің жалпы саны Қолжетімді объектілер – 1 028, оның ішінде: тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 1 028; кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдар үшін – 1 028; есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 1 033; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 1 028. Ішінара қолжетімді объектілер –92, оның ішінде: тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 83; кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдар үшін – 92; есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 83; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 88. 2. Ұйымдар бөлінісіндегі қолжетімді объектілер денсаулық сақтау объектілері – 167; білім беру объектілері – 461; мәдениет объектілері – 141; сауда және қызмет көрсету объектілері – 14; мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 154; өзге де объектілер – 91. «Мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің іске асырылу үлесін мониторингтеу» бағыты бойынша аумақтық департаменттердің қызмет көрсеткіштері 1. Оңалтудың техникалық құралдарына мұқтаж адамдардың жалпы саны 16 991адам, оның ішінде: протездік-ортопедиялық көмек – 1903; сурдологиялық көмек – 395; тифлотехникалық құралдар – 620; кресло-арбалар – 579; санаторийлік-курорттық емдеу – 4887; жеке көмекшінің қызметтері – 1336; ымдау тілі маманының қызметтері – 371; міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 6900. 2. Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етілген адамдардың жалпы саны 13895адам, оның ішінде: протездік-ортопедиялық көмек – 1345; сурдологиялық көмек – 320; тифлотехникалық құралдар – 468; кресло-арбалар – 533; санаторийлік-курорттық емдеу – 3127; жеке көмекшінің қызметтері – 1286; ымдау тілі маманының қызметтері – 359; міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 6457. «Профилактикалық бақылау шеңберінде тексеру іс-шараларын уақтылы ұйымдастыру» бағыты бойынша аумақтық департаменттердің қызмет көрсеткіштері 1. Тексерулердің жалпы саны барлығы – 31тексеру, оның ішінде: профилактикалық бақылау –18; жоспардан тыс тексерулер –8; прокуратура органдарының талаптары бойынша –5. 2. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында анықталған бұзушылықтардың жалпы саны 82бұзушылық, оның ішінде: меншік нысанына қарамастан, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты –32; мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты –25. Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында –25, оның ішінде: стационар, жартылай стационар жағдайларында арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты –25; үйде қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты –0; уақытша болу жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты –0. 3. Берілген нұсқамалардың жалпы саны 24нұсқама, оның ішінде: Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында –17, оның ішінде: меншік нысанына қарамастан, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты –7; мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты –10. Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында – 7, оның ішінде: стационар, жартылай стационар жағдайларында арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты –7; Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынатын субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша — 0; Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынатын субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша — 0. 4. Әкімшілік жауаптылыққа айыппұл түрінде тартылғандар Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында — 7, оның ішінде: Меншік нысанына қарамастан, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты — 7; Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты — 0. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында — 3, оның ішінде: Стационарлық және жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынатын субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша — 3; Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынатын субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша — 0; Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынатын субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша — 0.
Жарияланды:
Статистика
2026 жылғы 1 қыркүйектегі статистикалық көрсеткіштер
2026 жылғы 1 қыркүйектегі статистикалық көрсеткіштер