«Зейнеткерлікке дайындықты бүгіннен бастаңыз!»

    «Зейнеткерліккедайындықты бүгіннен бастаңыз!»

    2026 жылғы 06 қарашада «Зейнеткерлікке дайындықты бүгіннен бастаңыз!» тақырыбында азаматтарға арналған құқықтық жалпыға бірдей түсіндіру аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Б.Акимбеков түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Түсіндіру барысында зейнетақы төлемдерін тағайындау және есептеу тәртібі, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің маңыздылығы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін рәсімдеу және алу шарттары жан-жақты түсіндірілді.

    Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, зейнеткерлікке дайындықты алдын ала бастаудың маңыздылығы туралы ақпарат беру.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары