2026 жылғы 5 қарашада Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызмет алушылардың ата-аналарымен дөңгелек үстел өткізді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы – ерекше қажеттіліктері бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме. Орталықта арнаулы әлеуметтік қызметтер 8 бағыт бойынша көрсетіледі. Қазіргі уақытта аталған қызметтермен 50 бала қамтылған.
Кездесу барысында әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы талқыланды.
Сонымен қатар қызмет алушылардың ата-аналарының пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қаралды.
Кездесудің негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









