ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ӨКІЛДЕРІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
2026 жылғы 4 қарашада ҚР Құрылтайының депутаттары Е.Смолякова, Н.Сайлаубай, Қазақстан халық кеңесінің мүшелері К.Кереев, Р. санова, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д.Темірбеков және Ауыл шаруашылығы вице-министрі Н.Хатепова Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді.
Сонымен қатар, Іс-шараға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова және зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы О.Койчибаев қатысты.
Атап айтқанда, Қоғамдық кеңес мүшелерімен, Іскер әйелдер кеңесінің өкілдерімен, облыс ардагерлерімен, ақсақалдар және аналар кеңестерімен, белсенді жастармен, сондай-ақ паралимпиадашылармен, Көксу және Ескелді аудандарының активтерімен, сонымен қатар, еңбек ұжымдарымен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында ЭКО ұжымдарымен, «Қайнар-АКБ» ЖШС қызметкерлерімен және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымымен кездесу өткізілді.
Іс-сапар барысында Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сапар барысында әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау, қаржы және экономикалық салаларының өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен және аудан тұрғындарымен кездесулер өтті.
Кездесулерде мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға және мемлекеттік әлеуметтік саясатты одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді талқылауға және жергілікті деңгейде алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









