Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты
Күн тәртібінің негізгі тақырыбы — Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар деп тану туралы тұрғындардың өтініштерін қарау.
Комессия мүшелері келіп түскен өтініштер мен оған қоса берілген архивтік құжаттардың белгіленген заңнамалық нормаларға сәйкестігін зерделеді. Азаматтардан түскен барлығы 74 өтініш қаралды. Құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша 55 оң шешім қабылданды, олардың негізінде қызмет алушыларға заңды әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақыларды әрі қарай алу үшін тиісті мемлекеттік куәліктер рәсімделетін болады.
Комиссияның өтініштерді қабылдау және өңдеу бойынша жұмысы жоспарлы режимде жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









