Жазаның бұлтартпас принциптерін іске асыру және Екібастұз қаласының аумағында құқықтық тәртіпті нығайту шеңберінде сот актілерінің орындалуы жүйелі негізде қамтамасыз етілуде.

    1 / 3
    Ағымдағы жылдың басынан бері сот шешімімен 145 құқық бұзушы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына сәйкес, бұл тұлғалар белгіленген сағаттарды өтеуге жіберілді. Жазаның тиісінше орындалуын бақылау бөлігіндегі өзара іс-қимыл тікелей Екібастұз қаласының Полиция басқармасымен жүзеге асырылады. Құқық бұзушылар сот тағайындаған тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындайтын, қала аумақтарын абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша негізгі базалық ұйым ретінде «Екібастұз-Сервис» КММ айқындалды.
    Құқық бұзушылық жасау заң алдындағы жауапкершілікке міндетті түрде әкеп соқтыратынын еске саламыз. Қоғамдық пайдалы еңбек қоғам алдындағы кінәні өтеп қана қоймай, азаматтар үшін саналылықтың, туған қалаға ұқыпты қараудың және заңды құрметтеудің ғибратты сабағы болуы тиіс.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" жаңалықтары