
Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі №328/42 шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сәйкес азаматтардың келесі санаттарына:
- Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға;
- 1992 жылғы қыркүйекпен 2001 жылғы ақпан аралығында ТМД шекарасын тәжік-ауған учаскесінде күзетуді күшейту жөніндегі мемлекет аралық шарттармен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
- 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО дағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
- 1986-1987, 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға сауықтыруға әлеуметтік көмек көрсету көзделген.
Әлеуметтік көмектің бұл түрі жылына бір рет 50 АЕК мөлшерінде (2026 жылы – 216 250 теңге) көрсетіледі. Әлеуметтік көмек алу үшін: өтініш, жеке басын куәландыратын құжат не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат; мәртебесін растайтын құжат; 20 таңбалы жеке шот нөмірі ұсынылады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-не 1-қабаттағы, № 106 кабинетке (телефондар: 740120, 740081) жүгінуге болады.









