Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты

Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша 63 іс қаралды.
Аталған мемлекеттік қызметті алуға өтінішті Екібастұз тұрғындары eGov.kz веб-порталы арқылы «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінде қашықтықтан бере алатынын еске саламыз.
Мұрағаттық деректерді алдын ала салыстыру, іс макеттерін тексеру және кеңес алу үшін азаматтарды қабылдау тікелей қызмет берушіде Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 502-кабинет (анықтама телефоны: 8 (7187) 74-01-77). мекенжайында жүргізіледі.









