Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 21 қыркүйекте пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 10 азаматқа кәсіптік оқудан өткені туралы сертификаттар табыс етілді.
Оқыту аясында қатысушылар еңбек нарығында сұранысқа ие: электргазбендәнекерлеуші, аспаз, жүк тиеу жүргізушісі, логист және жол жұмыскері мамандықтарын игерді.
Оқыту полиция басқармасының және пробация қызметінің есепке алынушыларына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды. «Антарес А» ҚҚ-на әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдағаны және іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Сертификат алу — маңызды кезең, бірақ басты міндет бұдан әрі жұмысқа орналасу және тұрақты жұмыспен қамтылу. Алынған кәсіби дағдылар еңбек қызметіне, өзін және отбасыларын өздігінен қамтамасыз етуге қосымша мүмкіндіктер ашады.
Бағдарламаға қатысушыларды сүйемелдеу және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде жалғастырылатын болады.









