Қазақстанда педагогикалық қауымның жүктемесін азайту және қағазбастылықты жою бағытында ауқымды жұмыстар қолға алмақ. Премьер-министр Олжас Бектенов елдегі барлық мұғалімдердің есептілігіне толық тексеру жүргізіп, құжаттардың қайталануын болдырмауды тапсырды. Бұл бастама ұстаздардың өз жұмысына, яғни сапалы білім беруге көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, алдағы уақытта педагогтардың қоғамдағы беделін көтеруге ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта 10 желтоқсанға дейін мұғалімдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау бойынша нақты ұсыныстар әзірленетін болады.
Бұдан бөлек, білім беру сапасын инклюзивті бағытта дамыту шаралары да қарастырылған. Атап айтқанда, елімізде оңалту және сауықтыру кабинеттері бар 20 инклюзивті мектеп салады, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды ерте анықтау жүйесін күшейту жоспарланып отыр.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









