Қазіргі уақытта елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны жыл сайын артып келеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінде республикада осындай 237 мыңнан астам бала тіркелген. Соңғы төрт жылдың өзінде бұл көрсеткіш 26%-ға өскені байқалады. Дегенмен, балалар санының артуына қарай оларға қажетті көмек көрсететін кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі өткір тұр. Бүгінгі таңда салаға 3 мыңнан астам білікті маман ауéдi қажет етіліп отыр.
Бүгінгі таңда ең көп сұранысқа ие мамандықтардың көшін логопедтер бастап тұр – қазірдің өзінде 2 076 логопед қажет. Сондай-ақ олигофренопедагогтар (704 адам), тифлопедагогтар (118 адам) және сурдопедагогтар (110 адам) қатары да айтарлықтай тапшы.
Бұл мәселені шешу үшін кадр даярлау ісі қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл бағыттағы мамандарды республиканың 17 жоғары оқу орны мен 9 колледжі оқытып жатыр. Атап айтқанда, 2027 жылы аталған оқу орындарынан 500-ден астам жас логопед түлеп ұшып, еңбек нарығына қосылады деп жоспарлануда. Бұл шаралар ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетілетін көмектің сапасын арттырып, кадр тапшылығын біртіндеп жоюға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








