Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы

    Басқарма

    Басқарма жұмысының негізгі бағыттары:

    • Қорғаншылық пен қамқоршылық: Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларына орналастыру (асырап алу, қорғаншылық, патронат, қабылдаушы отбасы) және олардың тұрмыс жағдайына жарты жылда кемінде бір рет мониторинг жүргізу.
    • Ерте анықтау және кешенді көмек: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, буллингке немесе суицидтік мінез-құлыққа тап болған балаларды ерте анықтап, «кейс-менеджмент» жүйесі арқылы әр балаға жеке педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу көрсету.
    • Үйлестіру жұмыстары:Психологиялық қолдау орталықтарының жұмысын басқару.
    • Қауіпсіздік пен алдын алу:Мектептердегі қауіпсіздік талаптарын (бейнебақылау, турникеттер, антитеррорлық қорғаныс) және балалардың жазғы демалысын бақылау.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жұмыс уақытында ата-ананың үйде болмауы бұзушылық болып табыла ма?

    Жауап

    Жоқ. Ата-аналардың жұмыс күні ішінде үйде болмау фактісінің өзі автоматты түрде бұзушылық болып саналмайды. Жауапкершілік ата-аналар баланың қауіпсіздігін, күтімін және тиісті тәрбиесін қамтамасыз етпеген жағдайда туындауы мүмкін («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 72-бабы; ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы).

    ·
    Сұрақ

    Баланың жалғыз қалуға дайындығы қалай бағаланады?

    Жауап

    Заңмен белгіленген бірыңғай жас шегі немесе арнайы тест жоқ. Баланың жасы, дербестігі, денсаулық күйі, тұрғын үйдің қауіпсіздігі, көмек шақыру мүмкіндігі және ата-ананың үйде болмау ұзақтығы бағаланады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 72-бабы).

    ·
    Сұрақ

    Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда баланың жасының маңызы бар ма?

    Жауап

    Иә. Баланың жасы өзінің қауіпсіздігін өз бетінше қамтамасыз ету қабілетін бағалау кезінде ескеріледі; сондай-ақ заңнамада баланың жасы мен толысу деңгейін ескере отырып, оның пікірін ескеру көзделген («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 62-бабы).

    ·
    Сұрақ

    Баланың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпке не жатады?

    Жауап

    Бұл балаға тікелей қауіп төндіретін нақты мән-жайлар: зомбылық, тиісті күтімнің болмауы, қауіпті өмір сүру жағдайлары және баланың өміріне немесе денсаулығына шынайы қауіп төнетін басқа да жағдайлар («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 82-бабы).

    ·
    Сұрақ

    Қандай жағдайларда баланы отбасынан уақытша алып қоюы мүмкін

    Жауап

    Тек баланың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнгенде ғана. Қамқоршылық органы баланы дереу алып қоюға құқылы және одан әрі заңда белгіленген тәртіппен әрекет етуге міндетті («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 82-бабы).

    ·
    Ереже

    Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының Ережесі

    «Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер «Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы қаласының аумағында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үкіметтік берілсе, Басқарма мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Басқарма басшысының заңнамада белгіленген тәртіппен рәсімделетін бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де актілермен шешімдер қабылдайды.Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төлебаев көшесі, 25/18.Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып саналады.Басқарманың атауы:мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Управление по защите прав детей города Алматы».Басқарма қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.Басқарманың өз өкілеттіктері болып саналатын міндеттерін орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кіріс әкелетін қызметпен айналысу құқығы берілсе, онда алынған кіріс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. 2-тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіктері Басқарманың міндеттері:балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ баланың құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру;балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуының, соның ішінде зорлық-зомбылық пен қатыгездік фактілерінің алдын алу және оларды ерте анықтау жөніндегі шараларды әзірлеу, іске асыру және үйлестіру, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және жергілікті деңгейде баланы қорғау жөнінде қажетті шараларды қабылдау;балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және адамгершілік тұрғысынан дамуына, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың бойында патриотизм, азаматтық және бейбітшіл сезімдерді тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адамы тұлғасының қоғам мүддесі, Қазақстан халқының дәстүрлері, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуі үшін мүмкіндік ашуға жәрдемдесу;балалардың құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыру, оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жетілдіру;балалардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу.Басқарманың өкілеттіктері:балаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі консультацияларды хабарлау мен өткізу, іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;кәмелетке толмағандар орналастырылған мемлекеттік органдар мен білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің меншік нысанына қарамастан ұйымдарына балалардың құқықтарының бұзылуының алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстық іс аясында баланы қолдау және сүйемелдеу қызметін ұйымдастыру;балалардың олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғалуын қамтамасыз ету;жетім балаға (жетім балаларға) немесе ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық орнату туралы бұйрықтар шығару;жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың міндетті түрде жұмыспен қамтылуы мен тұрғын үймен қамтылуы мен тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне заңда белгіленген тәртіппен жәрдемдесу;балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен петицияларын қарастыру;өңірдегі балалардың жағдайын жақсарту мақсатында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатын халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар өткізу;балалық шақ, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін насихаттау;Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындау. 3-тарау. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері Басқармаға басшылықты Басқарма басшысы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады. 16. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады. 17. Басқарма басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады. 18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, сондай-ақ Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;Басқарма басшысы орынбасарларының, Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және осы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;заңнамаға сәйкес, Басқарма қызметкерлерін және Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;Басқарманың құрылымы мен Басқарма бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (акчалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 20. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен оған билік етуге құқылы емес. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Қаулы

    «Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 1/122 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    «Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы»Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 1/122 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Бұл қаулы 2026 жылы 23 сәуірде қабылданған Әділет нормативтік құқықтық актілерінің жүйесіндегі мәліметке сәйкес, аталған құжат «Алматы қаласының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін нақтылауға бағытталған.

    Жарияланды:
    Қаулы

    Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 1/122 «Алматы қаласы мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы» қаулысы

    Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 1/122 «Алматы қаласы мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы» қаулысының басты мақсаты — қаладағы мемлекеттік басқару схемасын өзгертуге бағытталған. Оған сәйкес жаңа «Алматы қаласы балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» құрылып, функциялар мен құзыреттерді бөлу бекітілді. [1, 2]

    Жарияланды: