Қазақстан университеттері QS Asia University Rankings 2027 рейтингінде үздік нәтижелер көрсетті

    Халықаралық QS Quacquarelli Symonds агенттігі QS Asia University Rankings 2027 Азияның үздік университеттерінің рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылықты сақтап, үш университеті рейтингтің алғашқы жүздігіне енген өңірдегі жалғыз мемлекет атанды.

    Биыл рейтингке еліміздің 51 жоғары оқу орны енді (өткен жылмен салыстырғанда 7 жоғары оқу орнына артық). Жалпы бұл тізімге Азияның 26 елінен 1722 университет кірді. Соңғы үш жылда қазақстандық университеттердің саны 34-тен 51-ге дейін өсіп, Қазақстан Азияда 10-орынға тұрақтады.

    Азияның үздік 100 университетіне енген отандық ЖОО-лар:

    • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 46-орын;
    • Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ – 62-орын;
    • Satbayev University – 89-орын.

    Сондай-ақ NU 62 сатыға көтеріліп, 139-орынға ие болды және Азияның үздік 200 университетінің қатарына енді. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті өз көрсеткішін 64 сатыға жақсартып, 618-орынға көтерілді.

    Қазақстандық университеттер білім беру ортасының сапасы, академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық көрсеткіштері бойынша (академиялық алмасу, оқытушылар мен студенттер арақатынасы, жұмыс берушілер арасындағы бедел) Азияның орташа көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары