Алматыда әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиум аясында Вице-Президент Ерлан Қарин Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Салим Әл-Маликпен кездесті.
Ерлан Қарин жаңа Конституцияның маңызына тоқталып, басты құжатта адам капиталын дамыту, білім беру, ғылым және инновацияларды ілгерілету елдің стратегиялық басымдығы ретінде бекітілгенін атап өтті.
Вице-Президент әл-Фараби мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға қолдау көрсетіп, Түркістан қаласын 2027 жылғы Ислам әлемінің мәдени астанасы деп жариялау жөнінде шешім қабылдағаны үшін ИСЕСКО бас директорына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысын жеткізді.
Осы орайда, тараптар Түркістан қаласында бірлескен мәдени іс-шаралар өткізуге дайындық мәселесін, сондай-ақ әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеуге және кеңінен насихаттауға қатысты жобаларды талқылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









