Су ресурстары және ирригация министрлігі жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын 746 каналды реконструкциялап жатыр

    1 / 3

    Су ресурстары және ирригация министрлігі жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын 746 каналды реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл 964 шақырым каналды жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді.

    Ирригация желілерін реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары суды тасымалдау кезіндегі шығынды азайтуға бағытталған. Сонымен қатар бірқатар жоба аясында автоматтандыру элементтерін енгізу көзделген. Бұл су ресурстарының нақты есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

    Ирригация желілерін жаңғыртумен қатар, 12 гидротехникалық құрылысты реконструкциялау, жалпы сыйымдылығы 887 миллион текше метр болатын бес су қоймасын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 142 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 12 ауыз сумен жабдықтау нысанының құрылысы қолға алынған.

    «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығында суды барынша тиімді пайдалану қажеттігіне ерекше назар аударды. Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту су ресурстарын үнемдеуге ықпал етеді. Бұл, әсіресе, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің басым бөлігі шоғырланған оңтүстік өңірлер үшін маңызды. Реконструкцияланып жатқан нысандарда судың есебін нақты жүргізу мақсатында автоматтандыру элементтері енгізіліп жатыр», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі" жаңалықтары