Қарақұйрыққа ұқсас 5 жануардың ұшасы анықталды.
7 қарашада Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, күшейтілген табиғат қорғау рейдін жүргізді.
Рейд барысында «Шонжы – Көкпек – Алматы» автожолында күдік тудырған автокөлік тоқтатылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, көліктегі азаматтардың 6 қарашада ұлттық парктің Темірлік аумағына жақын жерде заңсыз аңшылық жасауға қатысы болуы мүмкін.
Оқиға орнында қарақұйрыққа ұқсас 5 жануардың ұшасы табылды. Олардың нақты түрі мен жынысы сараптама нәтижесінде анықталады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі уақытта азаматтардың оқиғаға қатыстылығы мен барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Жабайы жануарлар дүниесін қорғау және заңсыз аңшылықтың жолын кесу – табиғат қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









