Көз ілеспес жылдамдық, ерекше сымбат және шөлдің қатал табиғатына бейімделген тіршілік... Бұл қандай жануар?
Қарақұйрық – Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарын мекендейтін ерекше жануар. Оның жіңішке аяқтары, қырағы көзі мен шапшаң қимылы қауіптен қорғануға көмектеседі.
Ең маңыздысы – қарақұйрық Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауында.
Ал Қызыл кітапқа енген жануарды заңсыз атса не болады?
ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарларға қатысты заңсыз аңшылық үшін 6 000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы көзделген. Сондай-ақ мүлікті тәркілеу қарастырылған.
Қарақұйрық немен қоректенеді? Қайда мекендейді? Неліктен оны қорғау маңызды?
«Табиғатты таны» айдарының жаңа каруселінде осы сұрақтарға жауап береміз.
Парақтарды сырғытып, шөл даланың ерекше тұрғынымен жақынырақ танысыңыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









