Өзі кіп-кішкентай, ал қысқа дайындығы таңғалдырады!
Таныс болыңыз, бұл – Алтай шақылдағы! Тасты тауларды мекендейтін сүйкімді жануардың тіршілігі өте қызық.
Ол тастардың арасында епті қозғалады, ал қауіп төнгенде жіңішке дыбыс шығарып, айналасындағыларға белгі береді.
Ең қызығы – шақылдақ жаз бойы қысқа азық дайындайды! Шөп пен өсімдіктерді жинап, кептіріп, тастардың арасына қор етіп сақтайды.
Қазақстанда Алтайдың таулы аймақтарында кездесетін бұл кішкентай жануар – табиғи экожүйенің маңызды бөлігі.
Алтай шақылдағы немен қоректенеді? Қайда мекендейді? Неліктен оны қорғау маңызды?
Жауаптары – «Табиғатты таны» айдарының жаңа каруселінде.
Парақтарды сырғытып, тау әлемінің кішкентай еңбекқорымен танысыңыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









