«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығында жабайы жануарлардың жыл сайынғы санақ жұмыстары жүргізілді. 2026 жылғы нәтижелерді өткен жылмен салыстырғанда, бірқатар жануар түрлерінің есептік көрсеткіштері артқан.
2025–2026 жылдардағы санақ нәтижелері:
Түркімен құланы: 942 → 980 бас
Қарақұйрық: 364 → 380 бас
Қоян: 762 → 800 бас
Сонымен қатар қасқыр, қабан, түлкі және шибөрі бойынша да есептік көрсеткіштердің артқаны тіркелді.
Ал шағыл мысығының көрсеткіші 10-нан 7 басқа өзгерген.
Мамандар бұл айырмашылықты жануар санының нақты азаюы деп бағалауға болмайтынын атап өтеді. Себебі шағыл мысығы жасырын тіршілік етеді, ал оның болжамды саны іздері мен көзбен бақылау нәтижелері арқылы анықталады.
Қорықта жануарларға санақ жылына бірнеше рет жүргізіледі. Жылдық есептің негізгі көрсеткіші ретінде күзгі санақ нәтижелері алынады. Бұл кезең жануарлардың көбею маусымынан кейінгі жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Жүйелі мониторинг – жануарлар дүниесін зерттеу мен биоалуантүрлілікті сақтаудың маңызды негізі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








