Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 4
Бұл басылым Қазақстанның жабайы флорасының алуан түрлілігін зерттеуге, сақтауға және кеңінен насихаттауға бағытталған өңірлік атластар сериясының жалғасы болып табылады. Алғашқы басылым — «Алматы облысы өсімдіктерінің тұқым атласы» 2023 жылы жарық көрді.
Екінші атлас «Өсімдіктер дүниесі туралы» ҚР Заңының міндеттерін іске асыру және өңірдің ботаникалық ресурстарын тұрақты пайдалану мақсатында Ұлытау облысы өсімдіктерінің кадастрын жасау» атты 2024–2026 ж арналған ғылыми-техникалық бағдарламаның бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы аясында дайындалды.
Атласта Ұлытау облысының аумағында өсетін өсімдіктердің тұқымдарын зерттеу және сипаттау бойынша жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижелері ұсынылған. Басылымға 61 тұқымдас пен 138 туысқа жататын өсімдіктердің 205 түрінің жемістері мен тұқымдарының сыртқы морфологиялық құрылымының сипаттамалары және фотосуреттері енгізілген. Барлық тұқым үлгілері Ұлытау облысының аумағынан жиналған.
Әрбір түр бойынша оның атауы, тұқымдасы, тұқымдарының ботаникалық-карпологиялық сипаттамасы үш тілде және фотосуреті берілген. Атласқа Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің 10 түрі де қамтылған.
Зерттеу жұмыстары мен коллекцияны толықтыру жалғасуда. Атластың келесі басылымын осы жинаққа енбеген өсімдік түрлерінің жемістері мен тұқымдарының фотосуреттерімен және морфологиялық сипаттамаларымен толықтыру жоспарланып отыр. Осылайша, атлас өңір флорасының тұқымдық алуан түрлілігін жүйелі түрде зерттеу мен сақтауды көрсететін, үнемі толықтырылып отыратын ғылыми-анықтамалық басылым ретінде қарастырылады.
Авторлар бұл атлас Ұлытау облысының өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігін одан әрі зерттеуге үлес қосып, ботаникалық зерттеулер мен экологиялық білім беруді дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ өңірдің табиғи мұрасына ұқыпты қараудың маңыздылығына назар аудартады деп үміттенеді.
Қазақстанның табиғи флорасының Тұқым банкі 2013 жылы Ботаника және фитоинтродукция институты базасында құрылған. Бүгінде оның коллекциясында жабайы өсімдіктердің 1638 түрін қамтитын шамамен 6600 тұқым үлгісі сақтаулы.

Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.