Қарағанды облысы ТЖД қызметкері гір көтеру спортынан өткен ашық турнирдің жеңімпазы атанды.
2026 жылғы 2–4 қараша аралығында Қостанай қаласында гір көтеру спортынан ашық турнир өтті. Жарысқа түрлі салмақ дәрежелері мен спорттық бағыттар бойынша бақ сынаған спортшылар қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Александр Комаров 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «серпе көтеру» дисциплинасы бойынша жоғары спорттық дайындық деңгейін, күш-жігері мен төзімділігін көрсетіп, бірінші орынға ие болды.
Қызметкерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да спорттық жетістіктерге жетіп, жаңа рекордтар орнатып, қызметте толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








