Қарағанды облысында газ-түтіннен қорғау қызметінің үздіктері анықталды

    1 / 10

    Қарағанды облысының ТЖД өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында «Үздік ГТҚҚ буыны» және «Қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші» атақтары бойынша кәсіби шеберлік байқауы өтті.

    Жарысқа облыстың өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінен 24 команда қатысты. Қатысушылар бірнеше сынақ кезеңінен өтіп, кәсіби шеберліктерін, физикалық төзімділіктерін және командалық үйлесімділіктерін көрсетті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – газ-түтіннен қорғау қызметі мамандарының кәсіби даярлық деңгейін арттыру, тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Жарыс қорытындысы бойынша:

    1-орын — №5 өрт сөндіру бөлімі

    2-орын — №7 өрт сөндіру бөлімі

    3-орын — №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі

    «Қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші» атағына № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері В.В. Прохоров ие болды.

    Мұндай байқаулар құтқарушылардың кәсіби шеберлігін шыңдап, өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін арттыруға ықпал етеді.

    Жеңімпаздарды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы қызметтеріне табыс, кәсіби жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары