Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Сарсенгалиева «Елге қызмет» телебағдарламаға қатысып сұхбат берді.

    1 / 2

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы айтылды.

    Департамент екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

    -қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында білім беру қызметімен айналысу үшін мемлекеттік лицензияның болуы талап етіледі. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік бағдарламалары, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламалары, рухани білім беру бағдарламалары.

    -Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою

    2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарды лицензиялау міндетті болып табылады.

    Лицензиялауға

    •жыл бойы жұмыс істейтін балалардың білім беру-сауықтыру орталықтары;

    •маусымдық стационарлық білім беру-сауықтыру бағдарламалар бойынша қызмет атқаратын балалардың демалыс орталықтары жатады

    Сонымен қатар Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап меншік нысанына қарамастан (мемлекеттік те, жекеменшік те) барлық балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдар үшін міндетті лицензиялау жүйесі қайта енгізіледі. Бұл шешім 2011 жылы алынып тасталған болатын, алайда балалардың қауіпсіздігі мен білім сапасын арттыру мақсатында қайта күшіне енбек

    Лицензия алу үшін балабақшалар ең төменгі міндетті талаптарға сай болуы керек:

    Қауіпсіздік жүйесі:Бейнебақылау камераларының орнатылуы, өрт қауіпсіздігі және күзет жүйесінің болуы.

    Санитарлық нормалар:Ғимараттың тазалығы, бала санының топтық толымдылық нормасына сәйкестігі және сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайлары.

    Кадрлық әлеует:Педагогтар мен тәрбиешілердің тиісті білімі мен біліктілік деңгейінің болуы.

    Материалдық-техникалық база:Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМБС) сай оқу-әдістемелік құралдар, ойын материалдары және балалар әдебиетінің жеткіліктілігі.

    Медициналық қызмет:Балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған жағдайдың жасалуы.

    Лицензия – жай ғана білім беру ұйымын ашуға берілетін рұқсат емес. Лицензия алу үшін ұйым белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін дәлелдеуі қажет.

    Бұл талаптар, ең алдымен, кадрлық қамтамасыз етуге, материалдық-техникалық базаға, білім алушылар үшін қажетті жағдайлардың болуына және білім беру процесін ұйымдастыруға қатысты.

    Яғни мемлекет білім беру ұйымының балаларға білім беруге қажетті жағдайлары бар екеніне көз жеткізуі тиіс.

    Апостиль - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

    Апостиль білімнің сапасын немесе құжатта көрсетілген білім мазмұнын растамайды. Ол құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның қолының, оның өкілеттігінің, сондай-ақ мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары