
Жаңа халықтық конституция құндылықтары негізінде техникалық және кәсіптік білім: сапалы кадр даярлау, цифрландыру және еңбек нарығымен ықпалдастықтың стратегиялық бағыттары
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысында Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Е.Б. Каратаев «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру қызметін лицензиялау: сапаны қамтамасыз етудің негізгі талаптары мен өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Секция барысында білім беру қызметін лицензиялауға құжаттарды дайындау кезінде нормативтік-құқықтық актілердің қолданыстағы редакциясын басшылыққа алудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының лицензияға қосымша алу бағытында жүргізілген жұмыстарға талдау жасалып, лицензиялық талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.
Лицензиялау – тек құжат рәсімдеу немесе рұқсат алу үдерісі ғана емес, ең алдымен, білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды тетігі.
Басты мақсатымыз – лицензия алу емес, лицензия талаптарына тұрақты түрде сәйкес келетін, сапалы білім беру ортасын қалыптастыру!









