Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

    Департамент туралы

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.

    Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Есеп

    Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 2026 жылғы 2 тоқсандағы есебі

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жаныдағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) міндеттері педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу, білім беру ұйымы ұжымының адамгершілік-психологиялық ахуалын жақсартуға, педагогикалық әдептің бұзылуына байланысты даулы жағдайларды реттеуге ықпал ету, педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу, педагогикалық әдепті бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды қарау және олардың негізінде білім беру ұйымының басшысына ұсынымдар әзірлеу болып табылады. 2026 жылы 2 тоқсаны бойынша Кеңестің 2 отырысы өткізілді. Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметі ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы негізінде хаттамалардың мазмұны мен құрылымы Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің талабына сәйкес жүргізілуде. 2026 жылдың 28 сәуіріндегі 2 отырысында келесі тақырыптар қаралды: 1.Педагог пен ата-ана арасындағы өзара сыйластық мәдениеті; 2.Білім беру ұйымдарындағы әдептік құқықбұзушылықтардың себептері; 3.Ақтөбе облысы Қобда ауданының білім беру ұйымының басшысына қатысты педагогикалық әдеп нормаларын сақтамау туралы ұсыным. Кеңес барысында аталған мәселелер қаралап, төмендегідей ұсыныстар берілді: Педагогтер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынаста өзара құрмет қағидалары қатаң сақталсын; Сынып жетекшілері ата-аналармен жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізсін; Әдеп нормаларын бұзу жағдайлары педагогикалық әдеп кеңесінде қаралсын. Педагогтер әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының педагогикалық әдеп нормаларын сақтасын; Әлеуметтік желідегі құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілсін. Білім беру ұйымында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау тұрақты бақылауға алынсын; Педагогтердің психологиялық және кәсіби қолдау жұмыстары жүйелендірілсін. Ұлттық білім беру деректер қорындағы «Педагогикалық әдеп» модуліне статистикалық мәліметтер енгізілді (2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша 1 педагог). https://www.instagram.com/p/DXrtA7WiPnM/?igsh=MWkyeWY1bHpqZDN0eg== А.ж. 11 маусымында Кеңестің 3 отырысы өткізілді. Кеңесте қаралған мәселелер: 1.Педагогтің әлеуметтік желідегі әдеп нормалары; 2.Ақтөбе облысы Темір ауданының білім беру ұйымының басшысына қатысты педагогикалық әдеп нормаларын сақтамау туралы ұсыным. Кеңес барысында аталған мәселелер талқыланып, төмендегідей ұсыныстар берілді: Әдеп нормаларын бұзу жағдайлары педагогикалық әдеп кеңесінде қаралсын. Педагогтер әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының педагогикалық әдеп нормаларын сақтасын; Әлеуметтік желідегі құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілсін. Білім беру ұйымында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау тұрақты бақылауға алынсын; Педагогтердің психологиялық және кәсіби қолдау жұмыстары жүйелендірілсін. https://www.instagram.com/p/DZhIUpciAZr/?igsh=MTZkaTRoeHpwZmNoNA== Сонымен қатар, 2026 жылдың 15 мамыр күні Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес аясында «Қазақстандағы білім беру саясатының конституциялық негіздері: нормалардан тәжірибеге дейін» тақырыбында пікір алмасу алаңы өтті. Іс шараға білім беру ұйымдарының басшылары, кәсіподақ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары, директорлар корпусы қатысып, білім беру саясатының дамуындағы конституциялық ұстанымдардың маңызын жан-жақты талқылады. https://www.instagram.com/p/DYW4EWDiLAY/?igsh=Mnc0MG9hcHg3ZmJq

    Жарияланды:
    Есеп

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы жұмысы туралы есептің талдамалық анықтамасы

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы атқарылған жұмысы туралы есепті және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы мәлімдейді. Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны –2 қызмет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі»)мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне сәйкес: 1 – «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашасындағы № 483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 01.04.2026-30.06.2026 жж. аралығында «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша барлығы заңды тұлғалардың 25 өтініші қаралған (cәуір-13, мамыр-7, маусым -5). Оның ішінде: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға - барлығы 21 өтініш; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 4 өтініш. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы келіп түскен 25 өтініштің 14-не қанағаттандырудан бас тартылды. Яғни, білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына жолданған өтініштердің материалдары мен құжаттары сәйкес келмеуі себепті бас тартулар орын алды. 2 - "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары. 2026 жылдың сәуір, мамыр, маусымайларында барлығы 79 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті, оның ішінде, мемлекеттік корпорациядан (ЦОН) 73 өтініш, egov (ПЭП) арқылы 6 өтініш түскен. 79 өтініштің 73 қанағаттандырылса, 6 өтінішке қанағаттандырудан бас тартылды. Атап айтсақ, өтініш иесінің қайтарып алуы - 3, 3 – департамент тарапынан көрсетілмейтін мемлекеттік қызметке өтініш берілгендігіне байланысты бас тартылды. Жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша арыз-шағымдар болған жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы фактісі тіркелген жоқ. Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметшілер жоқ. Департамент атқаратын функциялар қатарында «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» белгілері бар «жасырын» қызметтер қарастырылмаған. Департаменттің ресми сайтында www.gov.kz/memleket/entities/control-aktobe көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Мемлекеттік қызметтер», «Электрондық лицензиялау» порталын пайдаланушыларына, Білім туралы құжаттарға апостиль қоюатты бөлімдер қарастырылған.

    Жарияланды:
    Есеп

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 1 жартыжылдығының жұмысы туралы есептің талдамалық анықтамасы

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы атқарылған жұмысы туралы есепті және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы мәлімдейді. Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны –2 қызмет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі»)мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне сәйкес: 1 – «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашасындағы № 483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 01.01.2026-30.06.2026 жж. аралығында «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша барлығы заңды тұлғалардың 48 өтініші қаралған (қаңтар-6, ақпан-7, наурыз -10, cәуір-13, мамыр-7, маусым -5). Оның ішінде: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға - барлығы 37 өтініш; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 11 өтініш. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы келіп түскен 48 өтініштің 27-не қанағаттандырудан бас тартылды. Яғни, білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына жолданған өтініштердің материалдары мен құжаттары сәйкес келмеуі себепті бас тартулар орын алды. 2 - "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары. 2026 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусымайларында барлығы 119 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті, оның ішінде, мемлекеттік корпорациядан (ЦОН) 111 өтініш, egov (ПЭП) арқылы 8 өтініш түскен. 79 өтініштің 111 қанағаттандырылса, 8 өтінішке қанағаттандырудан бас тартылды. Атап айтсақ, өтініш иесінің қайтарып алуы - 3, 1 өтініш қайталанып берілуіне, 4 – департамент тарапынан көрсетілмейтін мемлекеттік қызметке өтініш берілгендігіне байланысты бас тартылды. Жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша арыз-шағымдар болған жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы фактісі тіркелген жоқ. Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметшілер жоқ. Департамент атқаратын функциялар қатарында «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» белгілері бар «жасырын» қызметтер қарастырылмаған. Департаменттің ресми сайтында www.gov.kz/memleket/entities/control-aktobe көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Мемлекеттік қызметтер», «Электрондық лицензиялау» порталын пайдаланушыларына, Білім туралы құжаттарға апостиль қоюатты бөлімдер қарастырылған.

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсандағы атқарған ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру және өзге де маңызды іс-шаралары туралы

    27 сәуір күні Ақтөбе облысы әкімі аппаратының отырысында Департамент басшысы өңірдің білім сапасының мәселесі бойынша баяндама жасады. https://www.instagram.com/p/DXrhkWDCBJt/?igsh=MWN3cXk5NjJucWVzMg==. 2.Департаментте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы 28 сәуірде өтті. Күн тәртібінде педагогикалық әдеп қағидаларының бұзылуы бойынша мәселе қаралды. https://www.instagram.com/p/DXrtA7WiPnM/?igsh=NHo1cTh1b3BwZnFi 3.Сәуір айының 29 жұлдызында жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарын лицензиялау мәселесі бойынша кездесу ұйымдастырылды. Осы шараға жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарының заңды өкілдері қатысты. Кездесуге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басшысының орынбасары С.Ибраева, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті, Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері қатысты және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. https://www.instagram.com/p/DV78SSrCOKg/?igsh=MmR0ZTN4Ymg2bWxr 2026 жылдың 15 мамырында «Қазақстандағы білім беру саясатының конституциялық негіздері: нормалардан тәжірибеге дейін» тақырыбында конференция өтті. Конференция жұмысына Ақтөбе облысы мәслихаты, салалық кәсіподағының өкілдері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушылары қатысып, конституцияға енгізілген өзгерістер төңірегінде баяндады. https://www.instagram.com/p/DXuDYLfCNdZ/?igsh=MW9oMmRjYWZjYWlydQ== 21 мамырда 2026 жылғы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тізіміне енгізілген Ақтөбе облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен (онлайн, офлайн) семинар өткізілді. Бұл семинар барысында мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматы мен қағида талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, осы шара барысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы мәселелер де көтерілді. https://www.instagram.com/reel/DYmVFUXoaBW/?igsh=MWJoNWNiMnNsaWxycg== Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге қатысатын сарапшылармен семинар 30 мамыр күні ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу сапасын арттыру және бағалау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. https://www.instagram.com/reel/DY8vd3ds_-L/?igsh=MWxuZnl4cnJiMTdzeQ== Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тапсырмасы негізінде мамыр-маусым айларына жоспарланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы екіайлық» іс-шарасына сәйкес 5 маусым күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты» тақырыбында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Е.Байниязов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары, қызметтік әдепті сақтау маңыздылығы және мемлекеттік қызмет жүесіндегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg== «Заң мен тәртіп-әділ қоғамның негізі» тақырыбында 18 маусым күні Департамент басшысы «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg== Облыстық мәслихаттың мәдени-әлеуметтік даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының 26 маусымда өткен отырысында Департамент басшысы мектепке дейінгі ұйымдардағы маңызды фактордың бірі бейіні сәйкес келетін педагог кадрлармен қамтылу мәселесі көтерді және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарына жүргізілген бақылау шараларында анықталған бірқатар заңбұзушылықтарға тоқталды. https://www.instagram.com/p/DaU6ITqDnrm/?igsh=bXd4ZW45enVoaHR6

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарған іс-шаралары

    Департаменттің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде келесі жұмыстар атқарылды: 1-9 сәуір аралығында облыстық білім беру ұйымдарында, соның ішінде Алға, Мұғалжар, Темір аудандары және Ақтөбе қаласының 10 жалпы білім беретін ұйымдарында білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 халықаралық зерттеуінің өткізілу барысына Департамент мамандары бақылау жасады. https://www.instagram.com/p/DW8XquRCESe/?igsh=MWU0ZGhhMnN4anh3aw== Департаменттің мемлекеттік қызметшілерін ақпараттандыру мақсатында 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік қызметке іріктеу жаңартылған форматта өтетіндігі туралы флайер Департаменттің @upe_dokso_aktobe инстаграм парақшасына орналастырылды. 3.Департаменттің мемлекеттік қызметшілері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 14 сәуірде кезекті сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны тазалау жұмыстарына өз үлестерін қосты. https://www.instagram.com/reel/DXBgrFPiPjg/?igsh=MTN6bWd0cDhlc3BwNQ== 4.Сәуір айының 29 жұлдызында жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарын лицензиялау мәселесі бойынша кездесу ұйымдастырылды. Осы шараға жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарының заңды өкілдері қатысты. Кездесуге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басшысының орынбасары С.Ибраева, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті, Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері қатысты және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. https://www.instagram.com/p/DV78SSrCOKg/?igsh=MmR0ZTN4Ymg2bWxr 19 мамырда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті дайындаған флайер Департаменттің @dokso_aktobe инстаргам прақшасына орналастырылды. 21 мамырда 2026 жылғы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тізіміне енгізілген Ақтөбе облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен (онлайн, офлайн) семинар өткізілді. Бұл семинар барысында мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматы мен қағида талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, осы шара барысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы мәселелер де көтерілді. https://www.instagram.com/reel/DYmVFUXoaBW/?igsh=MWJoNWNiMnNsaWxycg== Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге қатысатын сарапшылармен семинар 30 мамыр күні ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу сапасын арттыру және бағалау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. https://www.instagram.com/reel/DY8vd3ds_-L/?igsh=MWxuZnl4cnJiMTdzeQ== Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тапсырмасы негізінде мамыр-маусым айларына жоспарланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы екіайлық» іс-шарасына сәйкес 5 маусым күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты» тақырыбында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Е.Байниязов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары, қызметтік әдепті сақтау маңыздылығы және мемлекеттік қызмет жүесіндегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg== «Заң мен тәртіп-әділ қоғамның негізі» тақырыбында 18 маусым күні Департамент басшысы «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg==

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында білім беру ұйымдарына жүргізген мониторингінің есебі

    Мектепішілік бақылау Мектепішілік бақылау бойынша 2026 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласының 8 мектебіне мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының мектепішілік бақылау жоспарының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы талабына сәйкес құрылуы, оқу пәндерінің оқытылу жай-күйіне мониторинг жүргізу, электрондық сынып журналдарын тексеру, ТЖБ/БЖБ өткізілуіне бақылау, МБ нәтижелерін педагогикалық кеңесте қарау зерделенді. Жаңа оқу жылына дайындық Ақтөбе облысы бойынша 172935 оқушыны қамтыған 408 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына маусым айында мониторингтің І кезеңі жүргізілді. Білім беру ұйымдары Интернет желісіне қосылған. Байланыс операторларымен жасалған қолданыстағы келісімшарттар негізінде қызмет алуда. Білім беру ұйымдарындағы интернетке қосылу жылдамдығы 50-ден 200 Мбит/с-қа дейінгі аралықты құрайды. Қазіргі таңда 9 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге жергілікті бюджеттен 3 088 960,0 теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Дайындық деңгейі 70 % құрайды. 262 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде 183 мектепке 264 372 106,0 теңге көлемінде қаржы қарастырылған. 183 мектепте жөндеу жұмыстары жалғасуда. 408 мектептің барлығы бейнебақылау жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымдарында барлығы 18 015 бейнебақылау камерасы орнатылған болса, оның ішінде 12 215-і ішкі, 5 800-і сыртқы камералар. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында 137 мектепте лицензияланған күзет қызметі ұйымдастырылған. Сонымен қатар, 216 мектепте турникеттер, 194 мектепте дабыл түймелері орнатылған 343 мектеп (84%) спорттық жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, 318 (77,9%) мектепте химия кабинеті, 309 (75,7%) мектепте биология кабинеті, 320 (78,4%) мектепте физика кабинеті, 101 (24,7%) мектепте робототехника кабинеті жұмыс жасайды. Кітапханамен 376 (92,1%) мектеп қамтылған. Оның ішінде 14 мектепте жеке оқу залы бар, ал 45 мектепте оқу залы кітапханамен біріктірілген. 393 мектеп (96,31%) асханамен, 32 мектеп буфетпен қамтылған. Асханалар мен буфеттер санитариялық талаптарға сәйкес қажетті технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған. Жалпы білім беретін мектептерде ішкі санитариялық тораптар қамтамасыз етілген. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін 160 мектепте (39,2%) арнайы жабдықталған санитариялық тораптар жасақталған. 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінде жалғасуда.Сонымен қатар, мектептерде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша қажетті жағдайлар кезең-кезеңімен қамтамасыз етілуде.Білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін арнайы мамандар (логопед, дефектолог, педагог-ассистент және т.б.) қызмет атқарады, арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, мектептердің басым бөлігінде пандустар орнатылып, кедергісіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүзеге асырылған.

    Жарияланды: