Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жаныдағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің ( бұдан әрі – Кеңес) міндеттері педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу, білім беру ұйымы ұжымының адамгершілік-психологиялық ахуалын жақсартуға, педагогикалық әдептің бұзылуына байланысты даулы жағдайларды реттеуге ықпал ету, педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу, педагогикалық әдепті бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды қарау және олардың негізінде білім беру ұйымының басшысына ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
2026 жылы 2 тоқсаны бойынша Кеңестің 2 отырысы өткізілді.
Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметі ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы негізінде хаттамалардың мазмұны мен құрылымы Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің талабына сәйкес жүргізілуде.
2026 жылдың 28 сәуіріндегі 2 отырысында келесі тақырыптар қаралды:
1.Педагог пен ата-ана арасындағы өзара сыйластық мәдениеті;
2.Білім беру ұйымдарындағы әдептік құқықбұзушылықтардың себептері;
3.Ақтөбе облысы Қобда ауданының білім беру ұйымының басшысына қатысты педагогикалық әдеп нормаларын сақтамау туралы ұсыным.
Кеңес барысында аталған мәселелер қаралап, төмендегідей ұсыныстар берілді:
- Педагогтер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынаста өзара құрмет қағидалары қатаң сақталсын;
- Сынып жетекшілері ата-аналармен жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
- Әдеп нормаларын бұзу жағдайлары педагогикалық әдеп кеңесінде қаралсын.
- Педагогтер әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының педагогикалық әдеп нормаларын сақтасын;
- Әлеуметтік желідегі құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілсін.
- Білім беру ұйымында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау тұрақты бақылауға алынсын;
- Педагогтердің психологиялық және кәсіби қолдау жұмыстары жүйелендірілсін.
Ұлттық білім беру деректер қорындағы «Педагогикалық әдеп» модуліне статистикалық мәліметтер енгізілді (2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша 1 педагог).
https://www.instagram.com/p/DXrtA7WiPnM/?igsh=MWkyeWY1bHpqZDN0eg ==
А.ж. 11 маусымында Кеңестің 3 отырысы өткізілді. Кеңесте қаралған мәселелер:
1.Педагогтің әлеуметтік желідегі әдеп нормалары;
2.Ақтөбе облысы Темір ауданының білім беру ұйымының басшысына қатысты педагогикалық әдеп нормаларын сақтамау туралы ұсыным.
Кеңес барысында аталған мәселелер талқыланып, төмендегідей ұсыныстар берілді:
- Әдеп нормаларын бұзу жағдайлары педагогикалық әдеп кеңесінде қаралсын.
- Педагогтер әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының педагогикалық әдеп нормаларын сақтасын;
- Әлеуметтік желідегі құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілсін.
- Білім беру ұйымында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау тұрақты бақылауға алынсын;
- Педагогтердің психологиялық және кәсіби қолдау жұмыстары жүйелендірілсін.
https://www.instagram.com/p/DZhIUpciAZr/?igsh=MTZkaTRoeHpwZmNoNA ==
Сонымен қатар, 2026 жылдың 15 мамыр күні Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес аясында «Қазақстандағы білім беру саясатының конституциялық негіздері: нормалардан тәжірибеге дейін» тақырыбында пікір алмасу алаңы өтті. Іс шараға білім беру ұйымдарының басшылары, кәсіподақ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары, директорлар корпусы қатысып, білім беру саясатының дамуындағы конституциялық ұстанымдардың маңызын жан-жақты талқылады.
https://www.instagram.com/p/DYW4EWDiLAY/?igsh=Mnc0MG9hcHg3ZmJq