Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы атқарылған жұмысы туралы есепті және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы мәлімдейді.
Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2 қызмет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі ( ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі») мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне сәйкес:
1 – «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашасындағы № 483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 01.04.2026-30.06.2026 жж. аралығында «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша барлығы заңды тұлғалардың 25 өтініші қаралған (cәуір-13, мамыр-7, маусым -5). Оның ішінде:
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға - барлығы 21 өтініш;
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге - 4 өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы келіп түскен 25 өтініштің 14-не қанағаттандырудан бас тартылды. Яғни, білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына жолданған өтініштердің материалдары мен құжаттары сәйкес келмеуі себепті бас тартулар орын алды.
2 - "Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен бекітілген " Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
2026 жылдың сәуір, мамыр, маусым айларында барлығы 79 өтініш жеке тұлғалардан келіп түсті, оның ішінде, мемлекеттік корпорациядан (ЦОН) 73 өтініш, egov (ПЭП) арқылы 6 өтініш түскен.
79 өтініштің 73 қанағаттандырылса, 6 өтінішке қанағаттандырудан бас тартылды. Атап айтсақ, өтініш иесінің қайтарып алуы - 3, 3 – департамент тарапынан көрсетілмейтін мемлекеттік қызметке өтініш берілгендігіне байланысты бас тартылды.
Жалпы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша арыз-шағымдар болған жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы фактісі тіркелген жоқ.
Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметшілер жоқ.
Департамент атқаратын функциялар қатарында «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» белгілері бар «жасырын» қызметтер қарастырылмаған.
Департаменттің ресми сайтында www.gov.kz/memleket/entities/control-aktobe көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Мемлекеттік қызметтер», «Электрондық лицензиялау» порталын пайдаланушыларына, Білім туралы құжаттарға апостиль қою атты бөлімдер қарастырылған.