Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылдың 1- сәуірі -30 маусымы аралығында атқарылған жұмыстарының есебі

    ·

    Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары негізінде келесі жұмыстар атқарылды:

    1.Мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

    1. 1-9 сәуір аралығында облыстық білім беру ұйымдарында, соның ішінде Алға, Мұғалжар, Темір аудандары және Ақтөбе қаласының 10 жалпы білім беретін ұйымдарында білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 халықаралық зерттеуінің өткізілу барысына Департамент мамандары бақылау жасады.

    https://www.instagram.com/p/DW8XquRCESe/?igsh=MWU0ZGhhMnN4anh3aw ==

    1. Департаменттің мемлекеттік қызметшілерін ақпараттандыру мақсатында 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік қызметке іріктеу жаңартылған форматта өтетіндігі туралы флайер Департаменттің @upe_dokso_aktobe инстаграм парақшасына орналастырылды.

    4.Департаменттің мемлекеттік қызметшілері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 14 сәуірде кезекті сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны тазалау жұмыстарына өз үлестерін қосты.

    https://www.instagram.com/reel/DXBgrFPiPjg/?igsh=MTN6bWd0cDhlc3BwNQ ==

    5.Сәуір айының 29 жұлдызында жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарын лицензиялау мәселесі бойынша кездесу ұйымдастырылды. Осы шараға жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарының заңды өкілдері қатысты. Кездесуге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басшысының орынбасары С.Ибраева, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті, Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері қатысты және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    https://www.instagram.com/p/DV78SSrCOKg/?igsh=MmR0ZTN4Ymg2bWxr

    6.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртiп пен имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты келесі баптары бойынша 434, 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613) тартылуы жағдайына ағымдағы жылдың 6 айы бойынша мониторинг жүргізілді. Департаменттің мемлекеттік қызметшілері тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу деректері орын алмағаны анықталды.

    1. «Отан қорғаушылар» мерекесіне орай 7 мамыр күні Департамент қызметшілеріне мәдени демалыс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты ұжымда қолайлы атмосфера, бірлік, татулық пен ынтымақтастықты қалыптастыру. Ұжым мүшелері таза ауда спорттық ойындар ойнап, алтыбақан теуіп, бір біріне жылы лебіздерін білдірді.

    https://www.instagram.com/reel/DYEVsUQoLEb/?igsh=bWMwdzFyZTB4MXcz

    1. 19 мамырда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті дайындаған флайер Департаменттің @dokso_aktobe инстаргам прақшасына орналастырылды.
    2. 21 мамырда 2026 жылғы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тізіміне енгізілген Ақтөбе облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен (онлайн, офлайн) семинар өткізілді. Бұл семинар барысында мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматы мен қағида талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, осы шара барысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы мәселелер де көтерілді.

    https://www.instagram.com/reel/DYmVFUXoaBW/?igsh=MWJoNWNiMnNsaWxycg ==

    1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге қатысатын сарапшылармен семинар 30 мамыр күні ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу сапасын арттыру және бағалау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

    https://www.instagram.com/reel/DY8vd3ds_-L/?igsh=MWxuZnl4cnJiMTdzeQ ==

    1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тапсырмасы негізінде мамыр-маусым айларына жоспарланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы екіайлық» іс-шарасына сәйкес 5 маусым күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты» тақырыбында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Е.Байниязов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары, қызметтік әдепті сақтау маңыздылығы және мемлекеттік қызмет жүесіндегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg ==

    1. «Заң мен тәртіп-әділ қоғамның негізі» тақырыбында 18 маусым күні Департамент басшысы «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg ==

    13.Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу мақсатында 23 маусым-Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Л.Кализина Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен, Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Б.Колкабаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.

    https://www.instagram.com/p/DZ7XYNzCFgj/?igsh=NzR2dGwyandmbHNl

    Жүктеу
    57b94c8542a9d79729d75eeeafdab6f3_original.18585.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 2026 жылғы 2 тоқсандағы есебі

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жаныдағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) міндеттері педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын...

    Жарияланды:
    Есеп

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы жұмысы туралы есептің талдамалық анықтамасы

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы а...

    Жарияланды:
    Есеп

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 1 жартыжылдығының жұмысы туралы есептің талдамалық анықтамасы

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы а...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсандағы атқарған ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру және өзге де маңызды іс-шаралары туралы

    27 сәуір күні Ақтөбе облысы әкімі аппаратының отырысында Департамент басшысы өңірдің білім сапасының мәселесі бойынша баяндама жасады. https://www.instagram.com/p/DXrhkWDCBJt/?igsh=MWN3cXk5NjJucWVzMg==. 2.Департаментте п...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарған іс-шаралары

    Департаменттің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде келесі жұмыстар атқарылды: 1-9 сәуір аралығында облыстық білім беру ұйымдарында, соның ішінде Алға, Мұғалжар, Темір аудандары және Ақтөбе қаласының 10 жалпы білі...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында білім беру ұйымдарына жүргізген мониторингінің есебі

    Мектепішілік бақылау Мектепішілік бақылау бойынша 2026 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласының 8 мектебіне мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының мектепішілік бақылау жоспарының «Мектепке дейінг...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсанындағы жүргізілген мемлекеттік бақылау шаралары

    Білім беру ұйымдарын қайта аттестаттау: Есепті кезеңнің ІІ тоқсанында барлығы 16 білім беру мекемесінде мемлекеттік қайта аттестаттау өткізілді (мектеп-10, балабақша-6). Білім беру ұйымдарының қызметі талапқа сәйкес келу...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың І жарты жылдығында атқарған ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру және өзге де маңызды іс-шаралары туралы

    1.22 қаңтарда Департамент басшысы Г.Сарсенгалиева Ақтөбе облысының білім басқармасын ұйымдастырған білім бөлімдері мен әдістемелік кабинет басшыларын қабылдауына қатысты. Қабылдау барысында бөлімдегі атқарылған жұмыстард...

    Жарияланды: