Департаменттің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде келесі жұмыстар атқарылды:
- 1-9 сәуір аралығында облыстық білім беру ұйымдарында, соның ішінде Алға, Мұғалжар, Темір аудандары және Ақтөбе қаласының 10 жалпы білім беретін ұйымдарында білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 халықаралық зерттеуінің өткізілу барысына Департамент мамандары бақылау жасады.
https://www.instagram.com/p/DW8XquRCESe/?igsh=MWU0ZGhhMnN4anh3aw ==
- Департаменттің мемлекеттік қызметшілерін ақпараттандыру мақсатында 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік қызметке іріктеу жаңартылған форматта өтетіндігі туралы флайер Департаменттің @upe_dokso_aktobe инстаграм парақшасына орналастырылды.
3.Департаменттің мемлекеттік қызметшілері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 14 сәуірде кезекті сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны тазалау жұмыстарына өз үлестерін қосты.
https://www.instagram.com/reel/DXBgrFPiPjg/?igsh=MTN6bWd0cDhlc3BwNQ ==
4.Сәуір айының 29 жұлдызында жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарын лицензиялау мәселесі бойынша кездесу ұйымдастырылды. Осы шараға жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық білім беру және сауықтыру ұйымдарының заңды өкілдері қатысты. Кездесуге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басшысының орынбасары С.Ибраева, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті, Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері қатысты және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/DV78SSrCOKg/?igsh=MmR0ZTN4Ymg2bWxr
- 19 мамырда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті дайындаған флайер Департаменттің @dokso_aktobe инстаргам прақшасына орналастырылды.
- 21 мамырда 2026 жылғы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тізіміне енгізілген Ақтөбе облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен (онлайн, офлайн) семинар өткізілді. Бұл семинар барысында мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматы мен қағида талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, осы шара барысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы мәселелер де көтерілді.
https://www.instagram.com/reel/DYmVFUXoaBW/?igsh=MWJoNWNiMnNsaWxycg ==
- Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге қатысатын сарапшылармен семинар 30 мамыр күні ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу сапасын арттыру және бағалау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/DY8vd3ds_-L/?igsh=MWxuZnl4cnJiMTdzeQ ==
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тапсырмасы негізінде мамыр-маусым айларына жоспарланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы екіайлық» іс-шарасына сәйкес 5 маусым күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты» тақырыбында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Е.Байниязов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары, қызметтік әдепті сақтау маңыздылығы және мемлекеттік қызмет жүесіндегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg ==
- «Заң мен тәртіп-әділ қоғамның негізі» тақырыбында 18 маусым күні Департамент басшысы «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/DZMgk6-CH2i/?igsh=MWI3ZXZuYnVjcmxjbg ==